Меню KDT

logo7.png?_=1

 
  • kz
  • ru
  • en
  • Все новости

    Білім күні

    Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебіне оралған оқушылары үшін С.Мәуленов атындағы 37 орта мектепте "Білім күні" мерекесіне арналған салтанатты саптүзеу өтті.

    Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебіне оралған оқушылары үшін С.Мәуленов атындағы 37 орта мектепте "Білім күні" мерекесіне арналған салтанатты саптүзеу өтті. Жаңа оқу жылының басталуымен қала әкімі Әсет Өрентайұлы Исекешев құттықтап, сапалы білімнің маңыздылығы туралы айтып өтті. Мерекенің салтанатты бөлімінен кейін  Әсет Өрентайұлы 1 «Д» сыныбының «Мен – өз елімнің патриотымын» сабағына қатысты. Сонымен қатар салтанатты жиынға қаламыздың құрметті азаматтары - «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Сәрсембаев Әділбек Зейнуллаұлы, Астана қаласы Білім басқармасы басшысы Жангозин Әнуар Қанатұлы, қалалық мәслиxит депутаттары Аюпов Аман Білялұлы мен Төлеутаев Мұxтар Есенжанұлы қатысты. Білім күнімен қатар көптен күткен мереке-қосымша ғимараттың құрылысы аяқталып, бастауыш бүлдіршіндері үшін есігін айқара ашты. 

    Сонымен қатар "Руxани жаңғыру" бағдарламасының аясында мектепте ресми түрде ақын, публицист, майдангер Сырбай Мәуленов мұражайы ашылды.

     

        

    02.09.2017
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Нравится ли вам наш сайт?

    Дауыс беру

    Полезные ссылки