Меню KDT

logo7.png?_=1

 
  • kz
  • ru
  • en
  • Все новости

    Мектебімізде Наурыз мерекесі аталып өтті

    Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясындағы «Еліме шуақ бер, халқыма қуат бер, әз-Наурыз!» атты Наурыз мерекесі өтті.

        2017 жылғы 17-18 наурызда «Еліме шуақ бер, халқыма қуат бер, әз-Наурыз!» атты мектепте 1-11 сыныптар арасында өткен Ұлыстың Ұлы күніне орай ұйымдастырылған мейрам жоғары дәрежеде өтті. Көзделген басты мақсат – оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, имандылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін, тілін, дінін қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының ежелден сақталып келе жатқан, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрі - Наурыз мейрамының тойлануына бұл киелі шаңырақта үлкен мағына беріледі. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында әр сыныпта өткізілген іс-шара барысында мың бұралған бишілер, саз дауысты әншілер бір-бір ауылға шоғырланып, мерекенің сәнін аша түсті. Қолданбалы қолөнер бұйымдары көрмесі, ұлттық ойындар, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардан қойылған көріністердің қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлеуге, кішіпейілділікке, инабаттылыққа, мейірімділікке, тәрбиелеудегі мәні зор болды. Халықта батаның түрлері көп. Солардың бірі – мектебіміздің ұстаздары Сапарғали Ахметжанұлы, Дәмеш Өмірбекқызы, Дариға Омарбайқызы бастаған үлкендеріміздің дастархан батасын айтып, оқушыларға өз ізгі тілектерін жеткізе білуі. Ұлттық тағамдардан жайылған дастархан басына жайғасып, Наурыз мерекесіне орай дайындалған 7 түрлі дәм салынған, дәмі тіл үйірер наурыз көжеден дәм таттық. Сары уыз, бауырсақ, құймақ сынды қадірлі астан ауыз тию құрметі де бұйырды. Әр сыныптың өнерпаз оқушылары да өз өнерлерін аямай ортаға салып жатты. Бұл мерекеге ата-аналар қауымдастығының да қосқан үлесі зор. Оқушылардың ұлтық киім киіп, өнер, салт-дәстүрден көріністер көрсетуі ұлттық, патриоттық тәрбие берудегі маңызы зор. Атап айтқанда 8 Б, 3в сыныбында өткен тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті. Оқушылары әр түрлі салт-дәстүр көрсетіп, би билеп, ән салды. Оқушылар, ата-аналар, сынып жетекшілері Байқадамова Гүлнар Пернебайқызы, Сейдахметова Айсұлу Қуанышқызы ұлттық киім киіп, қонақтарды әнмен қарсы алды. Сонымен қатар сыныптың безендірілуі 11б сыныбында өте жақсы ұйымдастырылған. Барлық сыныптар арасынан ерекшеленді. Сынып жетекшісі Бошанова Айгүл Едешқызы дайындаған тәрбие сағаты өте жақсы өтті. Тәрбие сағаты жақсы деңгейде өткізген сыныптар: 2в, 2б, 2г, 3а, 3в, 4в, 4ә, 4д, 7б, 6в, 5г, 5а, 11в, 10ә, 9а, 8в. Ұлтымыздың болашағын жасайтын жастарымызға тәрбие беретін ана, қуат беретін әке, білім беретін мекеме мақсаты бір болса, ұлтжанды азаматтарымыз баршылық болып, ел болашағы алаңсыз болар еді. Қазақтың қазақ екенін, тәуелсіз мемлекет екенін дәлелдейтін бірден-бір мереке - Наурыз болуға тиіс. Наурыз - Қазақстан атты шаңырағымыздың ұлттық мерекелерінің нағыз қайнарына айналарына сенімдімін. Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын, ағайын!

     
     
     
     
     
     
     
    20.03.2017
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Нравится ли вам наш сайт?

    Дауыс беру

    Полезные ссылки