1920ж. - шіркеу уилищесінен Ақмолалық екінші сатылы мектепке ауыстырылған, жоғары бастауыш училище.
1927ж. - Қазан революцисы атындағы тоғыз жылдық мектеп.
1931ж. - фабрика-зауыттық жетіжылдық.
1934ж. - үлгілі орта мектеп ; мектепке С.М.Киров аты берілді
1941ж. - мектепке 1 нөмірі бекітілді.
1941 жылдан бастап біздің мектеп тарихының батырлық парақтары басталады. Соғыс басталады. Мұғалімдер мен оқушылар мектеп орындығынан фронтқа кетеді. Олардың есімдері жад кітабына енгізілген.
1944-1957жж. - №1 қыздар орта мектебі.
1957ж. - мектеп аралас статусын иеленеді.
1968ж. - №1 мектепте облыс бойыншы бірінші математиканы тереңдетіп оқыту сыныбы ашылады.
1969ж. - Мектеп негізінде Л.П.Мережковский жетекшілігімен жазғы мектеп ашылды. Мектеп оқушылары олимпиадаларда бірінші орындарды иеленеді. Профильді математикалық бағыттың бастауында белгілі ұстаздар тұрды: Мережковский Л.П., Тищенко Г.Н., Слюсаренко М.С., Дзюба Г.М.
1992ж. - мектепке №1 математика-экономикалық лицей статусы беріледі.
2001ж. - астананың көшіп келуіне байланысты біздің қаланың МЭЛ №1 үздік және жоғарғы мектебіне алғашқы корпус салынды. Оның ашылуына білім министрі И.Тасмағанбетов қатысты.
2006 ж. - лицей Қазақстан астанасының табысты оқу орнының оңды тұрақты имиджіне ие. 2008 ж. – мектепке №1 мектеп - лицей статусы берілді.